Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Вице-министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған азаматтарға амнистия қолданылмайды.
«Бұл сұрақтың жауабы – нақты әрі үзілді-кесілді "жоқ"», – деді Санжар Әділов.
Ол Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған құқықбұзушылықтар үшін сотталғандарға рақымшылық жасауға тыйым салынатынын атап өтті.
Осыған байланысты қоғамда қызу талқыланып жүрген Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайратқа амнистия қолдану мәселесі күн тәртібінде жоқ екені белгілі болды.
