Өнер иесі образын өзгертпеуге не себеп болғанын түсіндірді.
«Мен үшін сахна эксперимент алаңы емес»: Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/karakat_a
187
оқылды

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында бұрымның қасиеті туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қос бұрым қыздың сұлулығы мен тектілігінің көрінісі екенін атап өтті. 

«Ауылдың да, қаланың да тәрбиесін қатар көрдім, екеуінен де өзіме керегін алдым. Ауылдан қарапайымдылық пен кеңдікті, қаладан талғам, талпыныс, таңдауды үйрендім. Ес білгелі менің шашым ұзын болды… Ұзын бұрым мен үшін тек сыртқы сұлулық емес, ол кешегі аналарымыздан үзілмей жеткен нағыз қазақ қызының бейнесін айшықтайтын, нәзіктігі мен тектілігін айқындайтын үнсіз сабақтастық», - дейді әнші.

Өнер иесі образын өзгертпеуге не себеп болғанын түсіндірді.

«Эстрада сахнасына шыққан алғашқы жылдары ғой, стилист мамандар сырт келбетім мен образымды өзгертуге көп ұсыныс жасады. Бірақ мен өзімді басқа бейнеде көре алмадым. Өйткені мен үшін сахна — эксперимент алаңы емес, жан дүниең мен ішкі болмысыңның көрінісі. Эстрада мен ұлттық өнер екі түрлі жанр болғанымен, үнің де, әнің де бір жүректен шығады. Ал қос бұрымым — сол екі әлемді жалғап тұрған, Қарақаттың табиғи болмысы…», - дейді ол.

Әнші бұрымды бойжеткендер мен қыз-келіншектерге сый жасамақ.

«Құрметті оқырманым! Осы посттың астына бұрымы ұзын қыз-келіншектерді белгілеңіздер!  Ең ұзын бұрым иелеріне арнайым сыйым бар — 18 маусым Астана қаласында өтетін концертіме билет сыйлаймын!» - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.