Ауруханаға жеткізілген басқа да зардап шеккендер бар.
«Тағы да зардап шеккендер бар»: Батыс Қазақстанда жол апатынан екі әйел қаза тапты
фото: www.istockphoto.com
189
оқылды

Батыс Қазақстан облысында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың мәлімдеуінше, оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 18.50-де Теректі-Ақсай автожолының 52-шақырымында болған. Жол бойында бір емес, үш көлік соқтығысқан.

1973 жылғы жүргізуші Toyota Prado көлігімен қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Tiguan көлігімен түйісуге жол берген. Рульде 1973 жылғы әйел болған. Салдарынан Toyota Land Cruiser 200 көлігімен соқтығысқан, оны 1963 жылғы азамат басқарған.

— Жол апаты салдарынан Toyota Prado көлігінде отырған 1971 және 1974 жылғы екі әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілген басқа да зардап шеккендер бар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.