Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.
«Өздігінен түсе алмаған»: Алматы тауларында адасқан 4 турист құтқарылды
фото: www.istockphoto.com
166
оқылды

Алматы тауларында серуендеп жүрген төрт турист кештің батуына байланысты өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Космостанциядан жоғары орналасқан шекара бекеті маңында болған. Туристерден көмек туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел түрде «ҮАШ» бақылау-құтқару бекетінің экипажы аттанды.

Құтқарушылар бір сағат ішінде туристер тобын тауып, оларды қауіпсіз түрде шлагбаумға дейін жеткізді. Ол жерде демалушыларды туысы күтіп алды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тау бағытындағы сапарларын алдын ала жоспарлап, қараңғы түспей кері қайтуды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.