Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеу керек.
Алаяқтықтың жаңа схемасы: күштік құрылым басшыларының атын пайдаланады
фото: www.istockphoto.com
131
оқылды

Ішкі істер министрлігінде азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап

Соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесіп жатыр. 

Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. 

– Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды. Сақ болыңыздар! Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер. Ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеңіздер.

Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыздар. Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер, – деді ІІМ.