Желі қолданушылары әншінің отбасын қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Әнші Бүркіт қуанышты жаңалығын жеткізді
416
оқылды

Бүркіт лақап атымен танылған әнші Айбек Жансейітов әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында отбасындағы қуанышты сәттен видео жариялап, ағасы үйленгенін айтты.

«Көптен күткен қуаныш! Жеңгелі болып жатырмыз, Алланың қалауымен», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің отбасын қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.