«Астана» Конференция лигасының 1-іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Бұл туралы Футбол федерациясы жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Елімай» Арменияның намысын қорғайтын «Алашкерт» клубымен келесі кезеңге өтуге бақ сынайтын болады.
Алғашқы ойындар 9 шілдеде, ал қарымта матчтар 16 шілдеде өтеді.
«Ел намысын қорғайтын «Астана» және «Елімай» клубына топтық кезеңге шығуға тілектеспіз. «Тобыл» клубының қарсыласы ертең белгілі болады!» - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
