Олар бір аптадай көрші үйде тұрып, бір-бірін кездестірмеген.
«Мұны тағдыр деп қабылдаймын...»: Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқанын айтты (видео)
251
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева мен күйеуі әлеуметтік желіде видео жариялап, қалай танысқанын айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, екі жылдан астам уақыт бұрын екеуі Нью-Йоркте көрші үйде тұрған. Алайда ол кезде бір-бірін көрмеген.

Ерлан ол кезде қызымен Рождество мерекесін қарсы алу үшін Нью-Йоркке, таныстарының үйіне барса, Айгүл Иманбаева көрші пәтердегі танысының үйінде қонақ болған.

“Бізді бір қабырға ғана бөліп тұрды. Бірақ бір-біріміздің сол жерде жүргенімізді білмедік. Тек 31 желтоқсан күні жолықтық”, – дейді актрисаның жолдасы.

Олар бір аптадай көрші үйде тұрып, бір-бірін кездестірмеген. Екеуі алғаш Жаңа жыл қарсаңына жолыққан.

“Мен мұны жай сәйкестік емес, тағдыр деп қабылдаймын. Әр адамның маңдайына жазылған жолы болады дейді ғой. Бізге бір-бірімізді Нью-Йоркте кездестіру бұйырыпты”, – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.