Қызылорда облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері департаментке қарасты № 68 мекемеге тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қамауда отырған ағасына сәлем-сауқат әкелген тұрғын жасырын түрде ақша өткізбек болған.
— Тексеру барысында жеткізілген спорттық киімнің оң жақ қалтасынан жалпы сомасы 30 мың теңге табылды. Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, сот қарауына жолданды, — делінген хабарламада.
Жуырда дәл осындай тағы бір оқиға тіркелді. Қамауда отырған әкесіне сәлемдеме әкелген азаматша 10 мың теңге шамасында ақша кіргізбек болған. Мұны мекеме қызметкерлері бақылап-өткізу пунктінде орнатылған рентген қондырғысы арқылы анықтап, тәркіледі.
Азаматшаға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотқа жолданды.
