Биыл мамыр айында Қазақстанда үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелді. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 13,5%-ға аз.
Баспана сатып алатындардың саны азайды
Фото: istockphoto.com
55
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп тұрғын үй мәмілесі Астана мен Алматы қалаларында және Қарағанды облысында, ең аз мәміле Ұлытауда тіркелді. 

Пәтер сату-сатып алу мәмілесі мамыр айында азайған. Барлығы 23 381 пәтер мәмілесі жасалып, бұл барлық мәміленің шамамен 77%-ы. Көбінесе екі бөлмелі пәтерлер сатылған.

Жеке үйлер бойынша мәмілелер саны төмендеді. Мамыр  айында 7039  жеке үй сатылды. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәміле санының күрт төмендеуі Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан областарында тіркелді. Ал Павлодар облысында керісінше өсім байқалды. 

Өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда тұрғын үй мәмілелері 10,5%-ға азайды. Дегенмен Түркістан облысында көрсеткіш жоғарыласа, Алматы қаласында пәтер сатып алушылар саны төмен. 

Жалпы алғанда, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында тұрғын үй мәмілелерінің саны 2025 жылдың осы кезеңімен 5,8%-ға төмендеді.

Ботагөз ИНАБАТОВА, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің 2-курс студенті