Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.
АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың өлімі: бөлмесінен қоштасу хаты табылған
163
оқылды

АҚШ-та із-түзсіз жоғалған қазақстандық Әсет Құралбайдың қаза тапқаны расталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазір оның өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.

Әсет шамамен төрт жыл бұрын АҚШ-қа көшіп барып, Иллинойс штатында Amazon компаниясының жеткізу қызметінде жұмыс істеген. Ол соңғы рет 2 маусым күні ағасымен сөйлескеннен кейін хабарсыз кеткен.

Жақындары оның бөлмесін тексерген кезде құжаттары, банк карталары мен жеке заттарының орнында қалғанын анықтаған. Сондай-ақ бөлмеден қоштасу хаты табылғаны белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде тараған бейресми ақпаратқа сәйкес, көлікті белгісіз әйел айдап кеткен болуы мүмкін. Бірақ бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. 10 маусымда оның Toyota Camry көлігі үйінен алыс емес жерден табылған. Полиция бейнебақылау жазбаларын зерттеп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.