Өз кезегінде Серік Теміржанов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) турнирдегі өнерлерін аяқтады.
Абылайхан Жүсіпов бокстан Әлем кубогының ширек финалына шықты
142
оқылды

Қазақстан құрамасының боксшылары Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің үшінші жарыс күнінде бір жеңіске қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Абылайхан Жүсіпов бразилиялық Кайанос Рейспен қолғап түйістірді. Кездесу қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Төрешілер жеңісті екіге жарылған шешіммен (4:1) Жүсіповке берді.

Өз кезегінде Серік Теміржанов (60 келіге дейін) пен Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) турнирдегі өнерлерін аяқтады.

Теміржанов АҚШ өкілі Салим Эллис Бейге есе жіберді. Ал Аққалықов әлем чемпионы Жавохир Умматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліс тапты.