Актриса фильм түсіруге қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.
«Қиын болса да, тәуекел еттік»: Дариға Бадықова қандай кино түсіріп жатқанын айтты
164
оқылды

Продюсер, актриса Дариға Бадықова құтқарушылардың өмірі туралы кино түсіріп жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.

Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында жүріп жатыр. Актриса фильм түсіруге қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.

«Құтқарушылардың жұмысы қиын болса да, осы тақырыпта кино түсіруге тәуекел еттік Құтқарушылардың басы-қасында жүріп, өмір мен өлімнің арасында жүретініне көзіміз жетті. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіреміз! Ел үмітін ақтап, ауқымды жобамызды абыроймен жүзеге асырып, көрерменге жол тартуды нәсіп етсін. Біз бастадық! Алдағы бір ай Өскемен қаласындамыз», - деді актриса.

Фильм күзде көрерменге жол тартпақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.