Аталған факті бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Маңғыстауда әйел кеденнен әшекей бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған
фото: www.istockphoto.com
179
оқылды

Маңғыстау облысындағы «Құрық» кеден бекетінде Қазақстанның 61 жастағы азаматшасынан ел аумағына заңсыз 34 зергерлік бұйым өткізбек болған, тәркіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, оқиға «Зарифа Әлиева» теңіз кемесін Қазақстанға кіргізу кезінде анықталған.

Кеден қызметкерлерінің назарын 1964 жылы туған Қазақстан азаматы аударған. Әйел жаяу жүргінші ретінде шекарадан өткен. Паспорттық бақылаудан кейін оның жүріс-тұрысы күдік туғызған: ол баяу қозғалып, үнемі қолын іш тұсына қойып жүрген.

Осыдан кейін кеден бекетінің қызметкерлері Шекара қызметі, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және көлік прокуратурасы өкілдерімен бірлесіп жеке тексеру жүргізген.

Тексеру барысында әйелдің жыныс мүшесіне 34 зергерлік бұйым жасырғаны анықталды. Тәркіленген бұйымдардың ішінде сырға мен сақинадан тұратын 15 жиынтық, жеті сақина, 3 жұп сырға, бір шынжыр және түрлі үлгідегі 8 білезік болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік кірістер департаменті адам денесіне тауар жасырып өткізу кеден ережелерін бұзудың ең қауіпті әрі өрескел тәсілдерінің бірі екенін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.