Астанада 2026 жылы апатты үйлерді бұзуға 362 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Тұрғындар қоныс аударып, тұрғын емес үй-жайлардың үш иесіне өтемақы төленеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz TengriНome сілтеме жасап.
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы сайтында "Апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу" бюджеттік бағдарламасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, биыл елордада 24 апатты үйді демонтаждау және тұрғын емес үй-жайлардың үш иесіне өтемақы төлеу көзделген. Бұл мақсаттарға 362,3 миллион теңге бөлу жоспарланған.
"Апатты тұрғын үйлерді демонтаждау тұрғындарды көшіргеннен кейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, апатты үйлердің тұрғындарын көшіру барысына қарай және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, биыл басқарма тоғыз апатты үйді демонтаждауға кірісті. 15 апатты үйді бұзу жұмыстары осы жылдың II және III тоқсанына жоспарланған ("Алматы" ауданы – бес үй, "Байқоңыр" ауданы – алты үй, "Есіл" ауданы – бір үй, "Сарыарқа" ауданы – 12 үй)", – деп хабарлады Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы TengriНome сұрауына берген жауабында.
Тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша билік барлығы 4 710 пәтерлік 206 апатты үйдің тұрғындарын көшіруді жоспарлап отыр (бір бөлігі қоныс аударып үлгерді):
"Алматы" ауданы – үш үй;
"Байқоңыр" ауданы – 104 үй;
"Есіл" ауданы – 5 үй;
"Сарыарқа" ауданы – 82 үй;
"Сарайшық" ауданы – 12 үй.
Ашық дереккөздерде 2029 және 2030 жылдарға арналған жоспарлар жарияланды.
