Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жеңіске жетті.
Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты
158
оқылды

Гуйянда (Қытай) өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңнен сәтті өтті. Қазақстандық боксшы польшалық Виктория Рогалинскиді 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің кем дегенде қола жүлдесіне қол жеткізеді.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жеңіске жетті. Отандасымыз венесуэлалық Ирисмар Кардосоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін) жарысты аяқтады. Қазақстандық боксшы өз жекпе-жегінде Англия өкілі Патрис Мугалзайға есе жіберді.