Сот барысында Сұлтан Сәрсемәлиев талап-арызды мойындайтынын айтты.
Атыраудағы атышулы іс: айыпталушыдан 70 миллион теңге талап етті
128
оқылды

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

18 маусымдағы сот отырысында жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы жария етілді. Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова сотталушыдан моральдық және материалдық шығын ретінде 70 миллион теңге өндіруді сұрады.

Сот барысында Сұлтан Сәрсемәлиев талап-арызды мойындайтынын айтты. Бірақ қаржылық жағдайына байланысты аталған соманы өтей алатынына кепілдік бере алмайтынын жеткізді.

«Талап-арызды қабылдаймын, бірақ оны қайтаратыныма кепілдік жоқ. Алдымда өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр», – деді айыпталушы.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.