Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Зият Әбдел: Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған қызметімді абыроймен атқара беремін
194
оқылды

  Зият Жұмаділұлы Әбдел  – Алматыдағы «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері. Отандық ғылыми медицина саласына зор үлес қосып жүрген ғалым бүгін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Зият Әбдел ғылым саласындағы еңбегін жоғары бағалап, мемлекеттік наградамен марапаттағаны үшін Президентке шынайы алғысын білдірді. 

– Отандық ғылымға қызмет ету, әсіресе, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірлеуге қатысу – денсаулық сақтау жүйесіне қосқан негізгі үлесімнің бірі деп есептеймін. Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту, саланың ғылыми әлеуетін арттыру және жас ғалымдарды тәрбиелеуге бағытталған қызметімді алдағы уақытта та абыроймен атқара беремін деген үміттемін.

Бұл жоғары марапатты өзіммен бірге еңбек етіп жүрген әріптестерімнің және қазақстандық ғылымның жетістіктеріне берілген өте жоғары баға деп қабылдаймын. Көретілген сенім мен қолдауға зор ризашылығымды білдіремін. Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге әрқашан да дайынмын, – деді Зият Жұмаділұлы.

Еске салайық, бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.