Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіріп жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып, туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса, Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа бейнебаян түсіремін», - деді әнші.
Сонымен қатар көрермен арасында жаңа челлендж бастағанын хабарлады.
«Менің жаңа «AQERKE» әніме би билеп, өз энергияларыңызды, эмоцияларыңызды және ерекше қимылдарыңызды көрсететін бейнелер түсіріңіздер. Челлендж қазіргі уақыттан бастап 1 тамызға дейін жалғасады. Видеосы ең көп қаралым жинаған қатысушы жеңімпаз менің келесі бейнебаяныма түсу мүмкіндігіне ие болады. Жеке өзіңіз немесе би ұжымымен бірге қатыссаңыз да болады. Біз жеңімпаз үшін ерекше оқиға жасап, оны жаңа бейнебаянның бір бөлігіне айналдырамыз. Челлендждің ережелері: Видео ұзақтығы - 1 минутқа дейін. Хэштег - #DimashAqerkeChallenge Жариялау платформалары - TikTok және Instagram. Жазбаның астында пікір қалдыру: «I’m joining #DimashAqerkeChallenge», - деп жазды Димаш Құдайберген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
