Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде немересімен бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбадан әнші немересін қолына алып, үйіне бара жатқанын көруге болады. Сәби мен анасының жағдайы жақсы екенін айтқан өнер иесі оқырмандарынан ат қоюға көмектесуді сұрады.
«Алла ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкірлік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рахмет! Бізге не тілесеңіздер Алла тағала өздеріңізге еселеп берсін. Анашымды шөбересімен құттықтай келгем. "Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба? десем, "Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын" дейді. Отбасымыз таңдаған 7-8 есімді бір жариялап көрейін: "Әйбике", "Әйкен", "Ақнәзік", "Бөрте", "Айым", "Әсел", "Әсем", "Әдемі", "Әдемау"... Сіздер қандай есім ұсынар едіңіздер?» - деді әнші.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев былтыр жалғыз ұлының тойын дүркіретіп өткізген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
