FlyArystan лоукостері жазғы маусымда Қырғызстанға тікелей рейстерді іске қосып, Алматы мен Астанадан Ыстықкөлге бара алатын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Ұшу уақыты бір сағаттан аз уақытты алады. Бір жаққа билет құны – 34 000 теңгеден басталады. Алматыдан ұшақ сағат 16:15-те ұшады.
Сұраныстың жоғары болуына байланысты авиакомпания алғаш рет Астанадан да Ыстықкөлге тікелей рейстерді іске қосады. Олар 3 шілдеден бастап 31 тамызға дейін қатынайды. Астанадан демалысқа дүйсенбі және жұма күндері аттануға болады.
