Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға бас бостандығынан айырылды, – Aikyn.kz сайты.
Бұл қылмыс өткен жылдың мамыр айында тоқтатылған. Олар есірткі қылмысымен айналысқан болатын. Жедел іс-шаралар барысында көлік полицейлері бірнеше адамның Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында есірткі саудасын ұйымдастырмақ болған. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде олардың қылмыстық жоспары жүзеге аспады.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 6 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Тергеу барысында топ мүшелерінің әрқайсысына белгілі бір міндет жүктелгені анықталды.
Бірі курьер болса, енді бірі бүкіл жұмысты үйлестіріп отырған. Ірі көлемдегі есірткі арнайы жасырын орын ретінде жабдықталған гараждарда сақталған.
