Сауда-саттық 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады.
Жанабыловтардың ұтыс ойынына тігілген 8 көлік сатылымға шығады
177
оқылды

Блогер Ерболат Жанабылов пен оның келіншегі Эльмира Төлегенованың ұтыс ойынында тігілген көліктер электронды саудаға шығарылды.  Сегіз Hyundai Elantra көлігін «E-Qazyna» мемлекеттік мүлік порталы арқылы сату жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Платформа мәліметтеріне сәйкес, бұл көліктер құрылтайшысы Эльмира Төлегенова болып табылатын «ZHANA BUSINESS» ЖШС-не тіркелген.

Кейбір көліктердің бастапқы құны шамамен 8,4 млн теңге тұрады. Бірінші кезеңде көліктерді тек заңды тұлғалар – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, соның ішінде әлеуметтік және білім беру ұйымдары сатып ала алады.

Мемлекеттік органдар тарапынан өтінімдер болмаған жағдайда, автокөліктер ашық саудаға шығарылып, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайының ісі бойынша адвокат сот шешімін заңсыз деп атап, шешімге аппелляция берілген. 

Естеріңізде болса, ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, олардың үйқамаққа алынғанын хабарлаған болатын.

Сот отырысы барысында Жанабыловтардан қандай мүлік тәркіленетіні айтылды.