Оқиға салдарынан марқұмның 6 және 8 жастағы екі баласы анасыз қалды. Күдіктінің жасы 34-те екені белгілі болды.
Щучинскіде екі баланың анасын өлтірді деген күдікпен ер адам тергеліп жатыр
218
оқылды

Щучинск қаласында екі баланың анасы көз жұмған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Sputnik.kz мәліметінше, 36 жастағы Әсем Шабельскаяның өліміне қатысты оның танысы күдікке ілінген.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Әсем жолдасы қайтыс болғаннан кейін екі баласымен бірге тұрған. Кейін ол бір азаматпен танысып, араласқан. Күдікті ер адам шипажай аумағында ІТ маманы болып жұмыс істеген.

Оқиға салдарынан марқұмның 6 және 8 жастағы екі баласы анасыз қалды. Күдіктінің жасы 34-те екені белгілі болды.

Туыстарының мәлімдеуінше, әйел ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.