Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын норманың бірі – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды.
Шаруаларға жеңілдік жасалады
106
оқылды

Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқы­зылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойын­ша, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызы­латын ҚҚС сомасын түзету қолданыл­май­ды деген шешім қабылданды. Яғни Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі «пи­ра­мида әдісі» деп аталатын салықтық тек­серумен раста­лады. Бұл тауар қозғалы­сының және салық төлеудің бүкіл тізбе­гін – ауыл шаруа­шылығы өндірушісінен экспорттау­шыға дейін бақылауға мүм­кіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәти­желері болған жағдайда экспорттау­шы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады.

Бұл ұсыныс Салық кодексіне түзету­лердің жалпы пакетіне енгізіліп, Құрыл­тайдың қарауына жіберілетін болады. Ол қабылданған жағдайда аталған өзгерістер жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіл­ген күннен бастап ретроспективті түрде қолданылмақ.