Айтыскер немересін туған күнімен құттықтап, амандық тіледі.
«Әке-шешесіне әлемді тегін аралатып жүр»: Айнұр Тұрсынбаева немересі туралы жантебірентер жазба жариялады
142
оқылды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде немересі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, кішкентай немересі Әлем атына заты сай  болып өсіп келеді. Оның жай ғана айфонды бассейнге лақтырып жіберген видеосы әлеуметтік желіде 50 миллион қаралым жинап, әлем назарын аударған еді. Осы сәт "Лувр" музейінің тарихында қалды. Әлем лақтырған телефон қабырғаға ілінген.

Осыдан кейін әлемдік компаниялар Әлемнің ата-анасына ұсыныстар жасай бастады. Сонымен қатар отбасына музейге кіруге тегін абонемент берген.

Айтыскер немересін туған күнімен құттықтап, амандық тіледі.

«Бүгін Әлем дүниеге келген күн. 3 жасында видеосы жарты әлемге тарап, әке-шешесіне тегін әлем аралатып жүр. Немереме Алладан ұзақ ғұмыр, басына бақ пен құт сұраймын! Ұрпағымыз аман болсын! Әлемге арналған ақ тілектеріңізге Алла разы болсын!» - деді айтыскер.

Желі қолданышылары отбасына береке тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.