Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 08:05 сағаттағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 44 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 86 науқас тіркелді.