Ұлыбритания Украина үшін 500 шақырымға дейін ұшатын жаңа зымырандарды сынақтан өткізді
Ұлыбритания Украина үшін 500 шақырымға дейін ұшатын жаңа зымырандарды сынақтан өткізді
201
оқылды

Ұлыбритания Украинаға арналған жаңа алыс қашықтықтағы зымырандардың сынағын өткізді. Жоба Project Brakestop деп аталады. Оның аясында британдық үш компания әзірлеген қару үлгілері алғашқы сынақтардан сәтті өткен.

Жаңа зымырандар кемінде 500 шақырым қашықтықтағы нысаналарды жоя алады және шамамен 225 келілік жауынгерлік оқтұмсық алып жүреді. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі өндірушілерге бір зымыранның құнын 400 мың фунт стерлингтен асырмау және айына кемінде 20 дана өндіру талабын қойған.

Жобаға MBDA UK, MGI Engineering және Rotron Aerospace компаниялары қатысып жатыр. Мамандардың айтуынша, жаңа қарулардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамында америкалық бөлшектер жоқ. Бұл Ұлыбританияға зымырандарды Украинаға жеткізу мәселесінде толық бақылауды сақтауға мүмкіндік береді. Алғашқы үлгілер Украинаға 2026 жылдың соңына дейін берілуі мүмкін.