Соңғы төрт жылда мейджор турнирінің финалына шыққан алғашқы қазақстандық ойыншы болды.
Қазақстандық киберспортшы әлемдік турнирдің финалына шықты
164
оқылды

Қазақстандық киберспорты Данил «molodoy» Голубенко өнер көрсететін FURIA командасы IEM Cologne Major 2026 турнирінің гранд-финалына жолдама алды.

Жартылай финалда FURIA түркиялық Aurora ұжымын 2:0 есебімен жеңді. Кездесудің үздік ойыншысы бразилиялық Юри «yuurih» Сантос атанды. Осылайша, molodoy соңғы төрт жылда мейджор турнирінің финалына шыққан алғашқы қазақстандық ойыншы болды.

Ол әлеуметтік желіде: «Бар назар – финалда. Мақсат біреу. Қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет!» деп жазды.

Финалда FURIA Team Spirit пен Team Falcons арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.