Желі қолданушылары оның жазбасына белсенді пікір білдіріп, мұндай әрекетке барған адамдарды жария ету қажет екенін айтты.
«Бәрі үйленген, бала-шағалы»: Ләйла Сұлтанқызы өзіне жазатын ерлер туралы айтты
290
оқылды

Танымал тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне келетін әдепсіз хабарламалар туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, мұндай хабарламаларды көбіне отбасылы, бала-шағасы бар ер адамдар жібереді.

«Бүгін Instagram-дағы директті ашып қарасам, арамызда сондай оғаш ойлайтын адамдар көп екен. Бірнеше профильге кіріп көрсем, бәрі үйленген, үлгілі отағасы, бала-шағалы азаматтар. Скриншоттарын жариялап, масқарасын шығарайын деп едім, әйелдерін аядым да, райымнан қайттым», – деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушылары оның жазбасына белсенді пікір білдіріп, мұндай әрекетке барған адамдарды жария ету қажет екенін айтты.

«Әйелдерінің көзі ашылсын», «Мұндайларды аямау керек», «Беттерін ашыңыз» деген пікірлер әлеуметтік желіде жиі жазылуда.