Журналистің айтуынша, жолдасының өмірге деген көзқарасы мен қарқыны өзіне ерекше шабыт береді.
«Жұмабектен басқа деңгейді көрдім»: Динара Сәтжан жұбайы туралы әсерлі жазба жариялады
295
оқылды

Тележүргізуші Динара Сәтжан жұбайы Жұмабек Жанықұловпен бірге түскен суретін жариялап, олардың өмір салты туралы әсерлі жазба қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналистің айтуынша, жолдасының өмірге деген көзқарасы мен қарқыны өзіне ерекше шабыт береді.

«Бір кездері өзімді өте энергиясы көп адаммын деп ойлайтынмын. Кейін Жұмабекпен танысып, мүлдем басқа деңгейді көрдім. Таңғы сағат 5-те тұрып, басқа елге еш қиналмай жолға шыға салу – біз үшін қалыпты жағдай. Барлығын жеңіл әрі позитивпен қабылдаймыз. Бұл – біздің өмір салтымыз», – деп жазды ол.

Динара Сәтжанның сөзінше, өмірлік серіктің адамға берер қолдауы мен қуаты аса маңызды.

«Жаныңда энергияңды сарқымай, керісінше оны еселейтін адамның болғаны өте маңызды», – деді тележүргізуші.

Сондай-ақ ол жақында болған сапарлары жайлы айтып, жолдағы қиындықтарға қарамастан бәріне үлгергендерін жеткізді.

«Бішкекке дейін бес сағаттай жүрдік. Одан кейін Ыстықкөлге тағы 4,5 сағат жол болды. Жол жөнделіп жатқандықтан, көлікте киім ауыстырып, макияж бен шаш үлгісін жасап үлгердім. Біз басқаша өмір сүре алмайтын сияқтымыз», – деп бөлісті Динара Сәтжан.