Ол бірнеше жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.
16 жыл бұрын сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды
179
оқылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан елге экстрадицияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2010 жылы Жамбыл облысының соты әйелді мүлкін тәркілей отырып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Тергеу мәліметінше, ол сату мақсатында бір келіден астам гашишті Қазақстан аумағына заңсыз өткізген.

Бірақ сот үкімі шыққаннан кейін оған баласының жасына байланысты жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілген. Кейін шартты түрде босатылған әйел 2017 жылы із-түзсіз жоғалып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылдың наурызында қашқын Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде ол елге экстрадицияланды.

Қазір әйел тергеу изоляторына қамалды. Енді ол сот тағайындаған жазаның қалған мерзімін өтейтін болады.