Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Қазақстандық жеңіл атлеттер 4×400 метрлік аралас эстафетада жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс мәреге 3:16.75 нәтижесімен бірінші болып жетті.
Күміс медальді Үндістан құрамасы жеңіп алды – 3:17.06. Ал Қытай командасы 3:17.20 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.
Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.
