Көкшетауда құтқарушылар бір күнде екі оқиғаға жедел әрекет етті. Бірінші жағдайда көмек пәтер ішінде қалып қойған балаға қажет болса, екінші жағдайда лифтіде қамалып қалған отбасы құтқарылды.
Алғашқы оқиғада 2019 жылы туған бала ұзақ уақыт бойы анасына есік ашпаған. Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен бесінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ашқан. Бала анасына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Екінші жағдайда лифтіде бес адамнан тұратын отбасы қалып қойған. Олардың үшеуі — балалар. Қызмет көрсетуші ұйым мамандарын ұзақ күткеннен кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп, лифт есігін ашып, адамдарды сыртқа шығарды.
Оқиғалар салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмауды және төтенше жағдай кезінде сабыр сақтауды ескертеді.
