Футболдан әлем біріншілігінің басты фавориттерінің бірі саналатын Испания құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. H тобындағы екінші турда испаниялықтар Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Матчтағы есепті 10-минутта Ламин Ямаль ашты. Бұл — оның әлем біріншілігіндегі алғашқы голы. 21 және 24-минуттарда Микель Оярсабаль дубль жасап, Испанияның басымдығын арттырды. Сонымен қатар ол Ямальдің голына нәтижелі пас берген.
Екінші таймның басында Сауд Арабиясы қорғаушысы Хасан ат-Тамбакти өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша матч 4:0 есебімен аяқталды.
Бұл жеңістен кейін Испанияның еншісінде 4 ұпай болды. Сауд Арабиясында 1 ұпай бар. H тобындағы екінші матчта Уругвай мен Кабо-Верде кездеседі. Ойын 22 маусымға қараған түні Қазақстан уақытымен 03:00-де өтеді.
Топтағы соңғы тур 27 маусымда Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады. Испания Уругваймен, ал Сауд Арабиясы Кабо-Вердемен ойнайды.
