Қостанай облысы Қостанай ауданының Тобыл қаласында 22 маусым күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған кәмелетке толмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полиция қызметкерлері хабар түскен бойда іздестіру жұмыстарын бастады. Жеке құрамға бағдар беріліп, аулаларды аралау ұйымдастырылды. Сонымен қатар жасөспірім болуы мүмкін орындар тексеріліп, туыстары, көршілері және таныстарынан жауап алынып жатыр.
Қазір баланы табуға бағытталған барлық қажетті шара жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырды.
