Жол апатынан түрлі дене жарақатын алған алты жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Атырауда екі автобус соқтығысып, алты адам ауруханаға түсті
209
оқылды

Атырауда 22 маусым күні таңғы сағат 08:00 шамасында Амандосов көшесінде жолаушы тасымалдайтын екі автобус соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан. Соның салдарынан жүргізуші көлікті тоқтата алмай, жол жиегінде тұрған дәл осындай маркалы автобусқа соғылған.

Жол апатынан түрлі дене жарақатын алған алты жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиғаға қатысты тиісті материалдар жиналып жатыр. Апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.