Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан құрамасы жарысты екі медальмен қорытындылады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.
Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
