Желі қолданушылары бұған түрлі болжам жасап жатыр.
«Менің де айтарым көп...»: Төреғали Төреәлінің әйелі жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
186
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызының әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасы көпшіліктің назарын аударды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Instagram желісіндегі жазбасымен оқырманды ойландырып қойды.

«Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық», – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Желі қолданушылары бұған түрлі болжам жасап жатыр. Бірі мұны отбасындағы жағдаймен байланыстырса, енді бірі Төреғали Төреәліге қатысты болуы мүмкін екенін айтқан. 

Айта кетейік, әнші Төреғали Төреәлінің cахнадан шеттетілгені туралы ақпарат тараған болатын. Продюсері Жан Мұқанов әншінің концерттер мен гастрольдерге шықпайтынын айтқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.