Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан құрамасы ең үздік нәтижесін командалық көпсайыста көрсетті. Қазақстандық гимнастар төртінші орын алып, жүлдеден бір қадам ғана қалып қойды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Дмитрий Патанин мен Дияс Тойшыбек жекелеген жаттығулар бойынша финалға жолдама алды.
Тойшыбек кермедегі жаттығуларда жетінші орынға тұрақтаса, Патанин еркін жаттығулар бағдарламасында сегізінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Цзуньидегі құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими өнер көрсеткен жоқ. Гимнаст Азия чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңінде жарақат алып, қазір қалпына келу курсынан өтіп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
