Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам спортшы қатысып, әртүрлі деңгейдегі бағыттарда бақ сынайды.
Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді
129
оқылды

2026 жылғы 27 маусымда Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Турнир барысында шабандоздар мен аттардың үйлесімділігі, шеберлігі, жылдамдығы және дәлдігі сыналады. Жарыс бағдарламасында:

Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттар;

Балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздардың өнер көрсетуі;

Чемпиондық атақ үшін тартысты бәсеке;

Ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасы.

Конкур – шабандоз бен аттың өзара сенімі, жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді әрекетін талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі.

Алматы облысының Талғар ауданы Рысқұлов ауылында өтетін чемпионатты барша ат спорты жанкүйерлері  тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсете алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.