Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған ананы 17 жастағы ұлы жалын ішінен алып шыққан.
Шымкентте сегіз баланың анасы өртеніп кетті
видеодан скриншот жасалды
174
оқылды

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ шағынауданында болған өрт салдарынан 39 жастағы әйел қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұм жұбайымен бірге сегіз бала тәрбиелеп отырған.

Оқиға кезінде әйелдің күйеуі оны құтқаруға әрекет жасағанымен, жалын денесінің 80 пайызын шарпыған. Ер адам аяғынан күйік алған. Ал отбасының жеті баласы дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.

Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған ананы 17 жастағы ұлы жалын ішінен алып шыққан. Бірақ жасөспірімнің өзі де күйік жарақатын алған. Отбасының үлкен қызы қатты күйзеліс жағдайында екені айтылды.

Отбасы күнкөрісін мақта көрпе мен матрас тігу арқылы тауып келген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аулада орналасқан шағын цех аумағындағы жарылыстан басталып, кейін бүкіл үйге тараған.

Оқиғаға байланысты адам өліміне әкеліп соққан қауіпсіздік талабына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.