Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырған күйі көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, №131 бағыттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан кезде Mercedes және Toyota маркалы жеңіл көліктермен соқтығысқан.
Алдын ала ақпарат бойынша, қозғалыс барысында жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлікті басқара алмай қалған. Өкінішке қарай, ер адам оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері мен тергеу тобы жетті. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, жүргізушінің нақты өлім себебі анықталуда.
Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.
