Еліміз бойынша 184 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері белгілі болды
www.istockphoto.com
207
оқылды

Қазақстандықтар үшін әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарына жол ашатын «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша конкурс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Aikyn.kz

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының 184 азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның ішінде 137 азамат магистратура бағдарламалары бойынша, 10 азамат докторантура бағдарламалары бойынша білім алатын болса, 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 51 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Республикалық комиссияның отырысында «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавр дәрежесін алуға үміткерлерге арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және халықаралық орындаушылар конкурстарының тізбесі бірқатар халықаралық орындаушылар конкурстарымен толықтырылды.

Сонымен қатар бағдарлама тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселелер қаралды.