Қателік жасағанын мойындап, ұстазынан кешірім сұраған.
Танымал актер Асанәлі Әшімовке қиянат жасағанын айтты (видео)
Фото: видеодан скрин
272
оқылды

Театр және кино актері Бауыржан Қаптағай өнер өзі өкінетін жағдай туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол әйгілі актер, ұстазы Асанәлі Әшімовке жазылған арызға қол қойғанын айтты. Содан кейін қателік жасағанын мойындап, ұстазынан кешірім сұраған.

Бұл оқиға өзіне сабақ болғанын мойындады.

"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімов туралы құжатқа қол қойып жібергенім бар. Кейіннен өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ұстазым болды ол кісі. Ол кезде бала болдық. Бізде білесің ғой, Әзербайжан Мәмбетовтің, Тұңғышбайдың да үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым", – дейді Бауыржан Қаптағай Аман Тасығанға берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.