Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір отбасы қуанышқа бөленетінін айтты.
Блогер Елдос «Колобок» қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)
172
оқылды

Әлеуметтік желіде Елдос "Колобок" лақап атымен танымал блогер, әзілкеш Елдос Қадырханов сәби аңсап жүрген бір отбасыға қуаныш сыйламақ, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол осылайша тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызына берген уәдесін орындаған. Блогер өзі балалы болса, мұқтаж отбасының балалы болуына қаржылай көмектесетінін айтқан екен. Жақында медициналық мекемеге қаражатты аударғанын айтты.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір отбасы қуанышқа бөленетінін жеткізді.

«+1 бақытты отбасы (бұйырса). Елдос пен Таңшолпанның айтқаны бар еді. Міне, сөздерінде тұрып, бір пациентке тегін ЭКО сыйлады. Ол отбасының есімін жақында, маусым айының қамқоршылық кеңесінің отырысында анықтаймыз», - деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты блогерлер тоғыз жылдан бері сәби күткен. Олардың көптен күткен ұлы өмірге келді. Блогер тағы балалы болуға ниетті екенін жасырмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.