Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан БАҚ өкілдерін құттықтады.
Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
фото: баспасөз қызметінен алынды
156
оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы, гранты, Алғысы табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты Akorda-ға сілтеме жасап.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынысымен Мемлекет басшысының 2026 жылғы 24 маусымдағы №304 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. Time kz  желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;

2.  Egemen Qazaqstan  газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;

3.  NewTimes kz  ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;

4.  Qazaqstan  телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты: 

1.  Baq kz  ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;

2. «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;

3. Контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға; 

4.  Zakon kz  ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;

3.  «Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;

 4.  Abai kz ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.