Жұмыссыз азаматтарға арналған кәсіптік оқыту бағдарламасы 6 айлық болады.
"Шәкіртақы, медициналық тексеру және жолақысы төленеді": жұмыссыз азаматтарға тегін кәсіптік оқу ұсынылады
www.istockphoto.com
195
оқылды

Жұмыссыз азаматтар жаңа мамандықты тегін меңгеріп, мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырып жатқан қысқамерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысу жеткілікті, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік жұмыссыз азаматтарға арналған қысқамерзімді, яғни 6 айға дейін кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асырмақ. 

Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

– шәкіртақы (43 574 теңге); 

– жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары;

– медициналық тексеруден өту ақысы.

Сондай-ақ оқуды жұмыс беруші тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған). Сонымен қатар  Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар,  жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыды.