Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жеңіс Сметовке 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалына шығуға мүмкіндік берді. Енді оның қарсыласы Энцо Джин (Франция) мен Тугол Канатбек Уулу (Қырғызстан) арасындағы белдесудің жеңімпазы болады.
Еске сала кетейік, алғашқы белдесуде Елдос Сметов Қытай өкілі Сунь Цзяхаоны жеңген еді. Бұл – Гран-при Париж-2024 Олимпиадасындағы жеңісінен кейінгі алғашқы жарысы.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) бірінші айналымнан кейін жарыс жолынан шықты. Қазақстандық спортшы Әзербайжан өкілі Шафаг Хамидоваға есе жіберді.
Сондай-ақ бүгін, 26 маусымда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) татамиге шығады.
