Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Екеуі бірге ішімдік ішкен": Алматыда ер адам танысын пышақтап кеткен
www.istockphoto.com
284
оқылды

Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Бірге ішімдік ішкен екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салған, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты

Полицияның мәліметінше, оқиға  25 маусым күні кешке Әуезов пен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында болған.

Алкогольдік ішімдік ішіп отырған екі ер адамның арасында жанжал туындаған. Сөзге келіспей қалған олардың бірі екіншісінің аяғына пышақ сұққан.

Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.